[...] "Менде бір ұсыныс бар". Ол сырларында асып бара жатқан құпия бола қоймайтын, тіпті шын мәнінде ешқандай да құпия болмайтын Эйприл досым сырын бөліскісі келгендегідей маған қарай еңкейді. "Менің осында екенімді ешкімге айтпасаң, көзіңді жазып бере алам".
"Кетші әрі!"
Ол көзін бір-екі жыпылықтатты. "Өзі де, кетуге әрекет жасап жатырмын ғой".
"Менің айтайын дегенім, оны істей алмайсың сен!"
"Неге?"
"Көзімді ешкім де жөндей алмады, көзілдірік тағып бергеннен басқа".
"Менің белгілі бір қабілеттерім бар. Өзің көресің, тек..."
"...ешкімге сен туралы айтпа дейсің ғой?"
"Дәл солай, дөп түстің".
"Мені мүлдем соқыр етпейтініңді қалай білем? Сен анау теледидардағы сатқыштар сияқты жалаң уәде бергіш болсаң ше?"
Ол қайтадан қолымен айналдыра бұлғай бастады. "Мен өзіме ешқандай зиян жасамаған мақұлыққа ондайды істемейтін едім".
"Сонда мен саған зияндық қылсам, мені көзімнен айыра алар ма едің?"
"Оны дәл қазір айта алмаспын".
"Ал көзімді жазып берсең және мен сен туралы ешкімге айтпасам, біздің жерімізден кетесің бе?"
"Дәл солай!" [...]