[...] "Менің ұсынысым бар." Менің құрбым Эйприл өзі бір құпиясын ашар сымақ болып, маған қарай бүгілетін еді. Шынайы сырын айтқанда да солай істейтін еді. Бұл да сондай бір қозғалыс жасады. "Егер менің осында екенімді ешкімге айтпасаң, мен сенің көзіңді жазып шығарамын."
"Қаладан кет!"
Ол көзін жыпылықтатты. "Онсыз да кетпекпін."
"Айтқым келгені - сен көзімді емдей алмайсың!"
"Неге олай дейсің?"
"Бұған дейін ешкімнің де қолынан келмеген. Тек көзілдірік тағуды ұсынған."
"Менің қасиетім бар. Өзің көресің, тек..."
"...Мен сен туралы ешкімге айтпауым керек пе?"
"Дәл солай."
"Соқыр етіп тастамайтыныңды қайдан білем? Уәделерін жаудыртып, содан соң алдап кететін сатушылар сияқты боларсың."
Ол қайтадан алақандарын тосып, айналдыра бастады. "Маған зиян келтірмеген жанға мен де зиян келтірмеймін."
"Зиян келтірген болсам, соқыр етіп қояр ма едің?"
"Ондай жағдай бола жатса, білерміз."
"Егер сен менің көзімді жазып шықсаң және мен ешкімге сен туралы айтпасам, сен біздің жерден кетесің бе?"
"Дәл солай" [...]